⚜️ Қадірменді ағайын, құрметті әріптестер, ардақты достар!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан бастау алатын, көктемнің жаңа тынысымен бірге келетін мейрам. Береке мен бірліктің, жаңарудың белгісі, жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы.
Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырысты ынтымақтың бастауы әз Наурыз – халықтың бірлігін, дәстүрін, рухани байлығын ұлықтайтын маңызды кезең. Бұл күні алыста жүрген ағайын бір-бірімен табысып, ақжарма тілектерін айтып, қайта қауышады.
Наурыз – табиғаттың жаңаруымен қатар, адамның да жан дүниесінің жаңғыруына, жүрегінің мейірім мен қайырымға толуына жол ашады. Бұл мейрам – тек жақсылық пен жаңарудың ғана емес, бірлік пен татулықтың, өзара түсіністік пен сыйластықтың нығаятын, рухани байлықтың артатын уақыты.
Жаңа өмірдің жаршысы – Наурыз әр шаңыраққа амандық, молшылық, бейбітшілік, ынтымақ әкелсін! Қыдыр қонып, бақ-дәулет дарысын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Құрметпен, Саясат Нұрбек
Ғылым және жоғары білім министрі

00:00 / 00:00
⚜️ Қадірменді ағайын, құрметті әріптестер, ардақты достар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан бастау алатын, көктемнің жаңа тынысымен бірге келетін мейрам. Береке мен бірліктің, жаңарудың белгісі, жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырысты ынтымақтың бастауы әз Наурыз – халықтың бірлігін, дәстүрін, рухани байлығын ұлықтайтын маңызды кезең. Бұл күні алыста жүрген ағайын бір-бірімен табысып, ақжарма тілектерін айтып, қайта қауышады. Наурыз – табиғаттың жаңаруымен қатар, адамның да жан дүниесінің жаңғыруына, жүрегінің мейірім мен қайырымға толуына жол ашады. Бұл мейрам – тек жақсылық пен жаңарудың ғана емес, бірлік пен татулықтың, өзара түсіністік пен сыйластықтың нығаятын, рухани байлықтың артатын уақыты. Жаңа өмірдің жаршысы – Наурыз әр шаңыраққа амандық, молшылық, бейбітшілік, ынтымақ әкелсін! Қыдыр қонып, бақ-дәулет дарысын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Құрметпен, Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі
sayasat.nurbek
19
·1w ago